"Мектепке кітап сыйла!"
Информация
1- мамыр мен 25- мамыр аралығында І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында «Мектепке кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырылған болатын.
Акцияға 11 сынып оқушылары ақын-жазушылардың, көркем әдеби әртүрлі шығармаларын мектеп кітапханасына сыйлады.Кітапхана қоры: Мағжан Жұмабаевтың,Яссауидың,Бейсен Құранбектің,Ыбырай Алтынсариннің,Әбіш Кекілбаевтың,Ілияс Жансүгіровтың,Ілияс Есенберлиннің ,Бердібек Соқпақбаевтың әдеби кітаптарымен толықты.
Тақырыбы:«Мектепке кітап сыйла!»
Акцияның мақсаты : Мектеп кітапханасының кітап қорын заманауи кітаптармен толықтыру.Жастарды патриотизмге,еңбекті сүюге,жалпы ұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге,білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып ,жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту .
