"Каникулда кітап оқиық" "Буккроссинг" » І.Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"І.Есенберлин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 3-11-73
Версия для
слабовидящих
» » » "Каникулда кітап оқиық" "Буккроссинг"
17
май
2024

"Каникулда кітап оқиық" "Буккроссинг"

17.05.2024  жыл І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында « Каникулда кітап оқиық»    «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты  іс-шара өткізілді.

Мақсаты:

Мектеп оқушылары мен мұғалімдердін  кітапқа  деген қызығушылығын  арттыру.

"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады, өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойың. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «Кітап сыйлау» немесе кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді.

Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы  2005 жылдан  бастау алыпты.  Осыған орай  І.Есенберлин атындағы мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруларымен мектепте оқушылары мен мұғалімдердің арасында  кітап  оқуға  деген қызығушылығын  арттыру мақсатында «Буккроссинг» акциясы өткізілді.  Аталмыш алмасу акциясына оқушылар өздерінің қалаған кітаптарын  алып  келіп, орнына  әкелген  кітаптарын бір-бірімен алмасты. «Буккроссинг» акциясына біздің мектептің ұстаздары мен  оқушылары белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты. Сондай -ақ,  балалар өзінің оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті.

Адамды адамзатқа айналдырған кітап  атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін  барша   жұрттың  жүрегіне  тегіс жеткізе алсақ,  шынында да көп адам бақытқа кенелмей ме.

Кітап – адам баласының ақыл –ойынан туған , байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық. Шара соңында   белсене қатысып мектепке кітап сыйлаған   оқушыларды «Алғыс хат» арқылы марапатталды. Өткізілген іс- шара  мектептің әлеуметтік желісіне  жарияланды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив