12
октябрь
2023
«Сөз зергері-өрнектелген өмірді» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.
Ақпарат
12.09.2023 жылы І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында «Сөз зергері-өрнектелген өмірді» атты портреттік кеш ұйымдастырылды.Кештің мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Кештің әдіс- тәсілі:Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.
Кештің көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Шара барысында кітапханашы :Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен таныстырып, ақынның өміріне арналған бейнебаянды оқушылардың назарына ұсынды. Шара соңында кітапханадағы тұрақты кітап көрмесі «Өлмейтін сөз, адаспайтын жол қалдырған дана Абай» атты кітап көрмесімен таныстырылды. 6 сынып оқушылары өте белсенді қатысты.


