"Ілияс Есенберлин -ұлт мақтанышы" танымдық сағат » І.Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"І.Есенберлин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ілияс Есенберлин -ұлт мақтанышы" танымдық сағат
11
январь
2024

"Ілияс Есенберлин -ұлт мақтанышы" танымдық сағат

Ақпарат 
2024 жылдың қаңтар   айының  11 күні  І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп  кітапханасында «Ілияс Есенберлин –ұлт мақтанышы» атты тақырыпта  аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 109   жыл толуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығынан кітап көрмесі  ұйымдастырылып танымдық сағаты  өтті.
Мақсаты: Еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. І. Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. 
Кітапхана меңгерушісі: Қазақ елінің тағдыры мен тарихы туралы келелі ой қозғаған Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы, соның ішінде «Айқас», «Қатерлі өткел», «Маңғыстау майданы», «Ғашықтар» , т.б. тарихи романдары қазақ әдебиетінде оған дейін көтерілмеген мәселелерді қозғаған, жаңа леп, жаңа серпін әкелген туындылар болып табылады. Жазушының тарихи романдары туралы  «… І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы қазақ халқы өмірінің ХҮ-ХІХ ғасыр аралығындағы оқиғаларын, даму тенденцияларын, халықтың басына түскен ауыртпалықтар, қиындықтар, тарихы айтылады. Халық арасынан шыққан батырлардың, жыраулардың, мемлекет қайраткерлерінің образдары шынайы суреттелген…». І.Есенберлиннің прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Жазушының еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған. Осы және өзге де ақпараттар туралы кітап көрмесінде ұсынылып отырған кітаптар және мерзімді басылымдардан ала аласыздар. Барлығы кітап көрмесіне 22  кітап және 2 мерзімді басылым қойылды. Оқушыларға жазушының өмірбаяны туралы қысқаша деректі филімдер көрсетілді.
6 сынып оқушылары І.Есенберлиннің өмірбаяны туралы,шығармашылықтары туралы бар білетіндерін ортаға салды. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіге салынды. https://www.instagram.com/reel/C18lfyKi_w9/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив