20
ноябрь
2023
"Сен өз құқығыңды білесің бе?"
І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында мектеп инспекторы Қаратал АПБ ЖГК ЮПТ полиция капитаны Улан Кошербаев 5-11 сыныптардың арасында "Сен өз құқығыңды білесің бе?" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерін және оқушыларға одан сақ болуларын ескертті. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға қылмыстың зардабы мен зиянын ,есірткі заттарының зияны, хабар ошарсыз,кетудің қауіпі, ұрлық қорлықтың алдын алу жұмыстары, суицид бойынша, жыныстық тиіспеушілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.