"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне- 30 жыл"
Анықтама
30 наурыз 2023 жылы І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл толуына орай «Еліміздің егемендік белгілері» «Мемлекеттік рәміздерді білесіңбе?» атты тақырыпта синквейн сайысы 5 сынып оқушыларымен өтті.
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Түрі: Сайыс
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер, бүктеме, қағаздар,кітап көрмесі,слайдтар.
Сайыс кезеңі : І - кезең Таныстыру.
ІІ-кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі
ІІІ- кезең «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз.
ІҮ-кезең «Синквейн» түрінде жазу керек оқушыларға сөздер беріледі
Ү-кезең «Менің қиялымдағы рәміз” сурет салу
Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіге жарияланды.
https://www.instagram.com/p/Cqw4Tl-tuzJ/?igshid=MDJmNzVkMjY=